Ата-аналар жиналысы
- 40
01.11.2024ж. ҚО ББ «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де мекеменің «Нормативтік құқықтық актілері мен ішкі ережелері» және «Мен жақсы ата-анамын» тренингі бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
"Келді міне Алтын күз" мерекелік іс-шара
- 35
Бүгін түзету кабинетінің ұжымымен балаларға арналған "Келді міне Алтын күз" атты мерекелік шара – қолөнер сайысы, күздік киім үлгілері сайысы, спорттық сайыс ұйымдастырылды.
«Жүректен жылу» атты мерекелік іс-шара
- 33
Қазанның екінші жексенбісінде елімізде мүгедектігі бар адамдардың күні атап өтіледі. Осы күннің аясында «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-сі және Қарқаралы қаласының «Шаңырақ» көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығымен бірлесіп, мекемеміздің ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларына «Жүректен жылу» атты мерекелік іс-шара өтті.
Табиғат мұражайына экскурссия
- 32
Бүгін «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің мамандарымен балаларға табиғат мұражайына экскурссия ұйымдастырылды.
«Астанам – арман қалам» атты тақырыптық сабақ
- 32
03.07.2024ж. 6 шілде - астана күнін мерекелеу қарсаңында түзету кабинетінің ұжымымен балаларға «Астанам – арман қалам» атты тақырыптық сабақ өткізіліп, қаламыздың орталық саябағында орналасқан «Бәйтерек» монументіне серуен ұйымдастырылды.
1 маусым
- 31
2024 жылдың 30 мамыр айында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында түзету кабинетінің ұжымымен балаларға арналған мерекелік шара - спорттық сайыс, суреттер байқауы, анимациялық бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға балалар белсене қатысып «Балаларды қорғау күні» тақырыбында салынған суреттер байқауында Мәден Медина 1 орын, Қапият Алинұр 2 орын, Орынбек Еркеназ, Рымбек Қайсар және Береке Ғалымжан 3 орынды иеленіп, жеңімпаздар марапатталды. Іс-шара соңында барлық балаларға сыйлықтар үлестіріліп, фотосессия ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы
