«Ата-ана махаббаты» атты психологиялық тренинг
- 35
«№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» 2018 жылы 16 қараша күні «Ата-ана махаббаты» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренинг мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орыны жайлы пікір алмасу. Ата-ананың бойында өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауға деген қызығушылықтарын дамыту. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдануға ой салу.
«Күз – мерекем, күз – берекем» атты мерекелік іс-шара
- 40
«№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 26-қазан әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында ерекше білімділік қажеттіліктері бар жасөспірімдер арасында «Күз – мерекем, күз – берекем» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Байқау түрінде ұйымдастырылған шараға қатысушылар арасынан «Үздік сән үлгісі», «Бармағынан бал тамған» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталды.
«Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі» атты мерекелік бағдарлама
- 28
«№4 Психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде 2018 жылы 5-қазан мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекелік шараға 14 бала ата-аналарымен бірге қатысты.
І цикл қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы
- 33
Қыркүйек айының 5 күні «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де түзете-дамыту сабақтарына қабылданған балалардың ата-аналар жиналысы өткізілді. Мекеме директорының м.а. А.Д.Нұржанов психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмыс бағыты жайлы толық мағлұмат берді.
1-маусым балаларды қорғау күні
- 28
«№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» 1-маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Қош келдің, жаз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Меркелік іс-шараға 18 бала ата-аналарымен бірге қатысты. Өткізілу барысында «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» директорының м.а. А.Д.Нұржанов балаларды құттықтап, өз лебізін білдірді. Ата-аналар, балалар, ұстаздармен бірлесе отырып, «Жылы жүрек» тренингі өткізілді. Жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында балалар бір-бірімен танысып, жылы сөздер айтты. Ата-аналар атынан Гүлзен апа сөз сөйлеп, өз ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы
