«№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» 2018 жылы 16 қараша күні «Ата-ана махаббаты» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренинг мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орыны жайлы пікір алмасу. Ата-ананың бойында өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауға деген қызығушылықтарын дамыту. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдануға ой салу.
Тренинг барысы:
- Сәлемдесу. Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
- Арт терапия. «Үйдің» суретін салу.
- Топпен жұмыс. «Біз қабылдаған шешім» жағдаяттар.
- Релаксация. «Балалық шаққа оралу».
- Тілек шамы. «Жүректен – жүрекке» сіз сияқты отбасыға тілейтінім.
- Қорытынды.
Ата-аналар бір-бірімен сәлемдесіп, өздерін таныстырды.
Кіріспе: Бүгін біз бала тәрбиесі, оның даму бағытында өз білімімізді толықтырамыз. Баланың отбасы адамдарымен қарым-қатынасын құруға, дұрыс сөйлеуге үйрету үшін оның ойындағы құрылымын дұрыс жолға қою керек. Ол үшін алдымен ата-ана мұғалім болып баламен сөйлескеннің өзінде қарапайым ережелерді ұсынуымыз қажет. Ол қандай?
Мен «үй» деп айтқанда сіздерге қандай ой келді? Ата-аналар сурет салу арқылы қағазға түсіріп, өз ойларын топтасу арқылы жеткізді.
«Біз қабылдаған шешім» жағдаяттар таратылып, ауызша өз ойларын ортаға салды. «Балалық шаққа оралу» релаксациясы жүргізілді. Мақсаты: Өзін-өзі реттеу және босаңсу дағдысын үйрету, өзіне зейін аудару.
«Сіз сияқты керемет отбасыға тілейтінім...» деп ата-аналар бір-біріне деген жүректен шыққан шынайы, жүрек жарды тілектерін айтты.
Қорытынды: Бүгінгі ата-аналармен ұйымдастырылған «Ата-ана махаббаты» атты психологиялық тренинг сабағымызға қатысқандарыңызға рахмет. Бала тәрбиесі жолында біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, бұл жаңалықтарда шек жоқ.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, -
дегендей баланың ыстық - суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тек ұстаз ғана емес, баланың жанашыр демеушісі ол ата-ана. Біздің балаларымыз еліміздің ертеңгі болашағы.