«Көңілді эстафета»
- 43
03.05.2024ж «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де балалар арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Көңілді эстафета» ұйымдастырылды.
«Бірлігіміз жарасқан» тақырыптық сабақ
- 31
30.04.2024ж. «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыптық сабақ ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз Наурыз» іс-шарасына анықтама
- 26
20.03.2024ж. «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің жоспарына сәйкес «Қош келдің, Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Балаларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайлыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Анамен әсем бәрі де» іс-шарасы
- 31
8 Наурыз - көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі! 07.03.2024ж. «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің жоспарына сәйкес «Анамен әсем бәрі де» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: 8 Наурыз –Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шара арқылы балаларды шығармашылыққа баулу, сұлулықты сезіне білуге, мейрімділікке, үлкенді құрметтеуге, ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
«Қош келдің, жаңа жыл!» мерекелік іс-шара
- 29
Жаңа жыл – ең әуелі балалар үшін ғажайып мереке. Қуанышты сәтті асыға күткен балаларға арнап шырша думанын ұйымдастыру біздің жылдағы дәстүр. «№4 Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де 28 желтоқсан күні балаларға арналған «Қош келдің, жаңа жыл!» атты жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды. Қызықты мерекеде жаңа жылдық шыршаның басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсеткен балалар, сыйлықтарға ие болды.
«Отбасы- өмір аясы» тақырыбында іс-шара өткізілді.
- 43
Мақсаты: Отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы
