8 Наурыз - көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі! 07.03.2024ж. «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің жоспарына сәйкес «Анамен әсем бәрі де» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: 8 Наурыз –Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шара арқылы балаларды шығармашылыққа баулу, сұлулықты сезіне білуге, мейрімділікке, үлкенді құрметтеуге, ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Мекеменің қызметкерлері мерекелік атмосфераны орнату мақсатында безендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Іс-шараға барлығы 17 бала аналарымен қатысты. Балалар өздерінің өлеңдерімен, билерімен, әндерімен аналарға көптеген жақсы сөздер, нәзіктік пен көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ ата-аналарға арналған ойын ұйымдастырылды, ойынға қатысқан барлық ата-анаға естелік сыйлықтар табысталды. Ата-аналар өте риза болды және өз балаларының жетістіктерін мақтан етті. Балалар сүйікті аналары мен әжелері үшін өз қолдарымен дайындаған гүл шоқтарын табыстады. Ата-аналар өздерінің тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шараның соңында қыз балаларға мекеменің атынан сыйлықтар беріліп балалар мерекелік іс-шарадан көтеріңкі көңіл күймен қайтты.
Өткізілген іс-шара мекеменің әлеуметтік желісіне жарияланды. https://www.instagram.com/reel/C4PWA8Qoc7r/?igsh=MWZtcjQyejY5ZTJ0ZA==