«Ашық есік» күні ұйымдастырылды
- 46
Қарағанды облысы білім басқармасы «№4 Психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде» КММ – де 2022 жылдың 8 - ші шілде күні ата – аналарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Түзету кабинетінің жұмыс бағытымен қызмет көрсететін; мұғалім логопед, мұғалім дефектолог, педагог - психолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық ырғақ педагогі мамандарымен таныстыру жұмыстары ұйымдастырылып, қажетті ақпараттар берілді.
«Біз – өмірдің гүліміз» мерекелік іс-шара
- 31
Балалар мерекелік іс-шарамызда қызығушылықпен «Дыбысты қағып ал», «Шеңберден өту» ойындарын белсене қатысып орындады. Балалар ұсақ қол моторикасына арналған «Көбелектің жартысын сал» жаттығуларын қызығушылықпен орындады.
7-ші мамыр «Отан қорғаушылар» күні
- 32
7 мамыр – әр отбасынан бастап мемлекет бойынша ер адамдарға айрықша көмек көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігі айтылатын күн. Сондай-ақ, бұл күні Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен қарттарымызға құрмет көрсетіледі.
Қарқаралы қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында
- 38
Экскурсия барысында балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында ұстаздары өз жұмыстарымен таныстырды. «Қаһарман әскери патриоттық клубында» қару-жарақтармен таныстырылды. Балалардың қызығушылықтары оянып, жақсы әсер алды.
Музейге саяхат
- 32
ҚО ББ «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мекемесінен білім алушы балалармен Қарқаралы тарихи өлкетану музейіне балаларға арналған экскурсия ұйымдастырылды. Музей балалардың тарихқа деген қызығушылығын туғызып, бұрынғының естелігін сақтауға ұмтылдырады.
«Салт-дәстүр – тәрбие негізі» атты ашық сабақ өтілді
- 44
Балалардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін танып білуге, ардақтауға, құрметтеп мақтан тұтуға тәрбиелеу – басты мақсатымыз. Ұрпақты қоғамға, отбасына бейімдеп, адамгершілікке, отансүйгіштікке, ержүректілікке, имандылыққа тәрбиелейтін әдет-ғұрып, салт-дәстүр жайлы әдебиеттерді насихаттау үшін ашық сабақтар өткізіліп отырылады.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы
