Бүгін: 31.05.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

          Қыркүйек айының 5 күні «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де түзете-дамыту сабақтарына қабылданған балалардың ата-аналар жиналысы өткізілді. Мекеме директорының м.а. А.Д.Нұржанов психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмыс бағыты жайлы толық мағлұмат берді.

Әр маман өзін таныстырып, өз мамандықтары туралы баяндама жасады. Жиналысқа қатысушы ата-аналармен «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» атты тренинг өткізілді. Онда ата-аналар жазбаша, ауызша өз ойларын тілектерін білдірді. Өз ой-пікірлерін ортаға  салып, ашық әңгіме жүргізілді. Ата-аналар жиналысы бәріміз біргеміз ұғымды жеткізу мақсатында «Сиқырлы қарындаш» атты тренингпен қорытыланды.