Қазанның екінші жексенбісінде елімізде мүгедектігі бар адамдардың күні атап өтіледі. Осы күннің аясында «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-сі және Қарқаралы қаласының «Шаңырақ» көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығымен бірлесіп, мекемеміздің ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларына «Жүректен жылу» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара аниматорлардың әндерімен, билерімен, көңілді өтіп соңында барлық балаларға сыйлықтар үлестірілді.
Түзету кабинетінің ұжымы шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен «Шаңырақ» көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығына алғыс білдіреді!
https://www.instagram.com/reel/DA5mUy0sGyC/?igsh=OHF3bWg4YXdhcTk4