01.11.2024ж. ҚО ББ «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де мекеменің «Нормативтік құқықтық актілері мен ішкі ережелері» және «Мен жақсы ата-анамын» тренингі бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында әдіскер Бейсенаева А.Г. мекеменің нормативтік-құқықтық актілерімен, ішкі ережесімен және «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелерімен таныстырып, әлеуметтік педагог Тусупбекова К.К. «Мен жақсы ата-анамын» тренингін ұйымдастырды.
Мақсаты: ата-аналарға өздерінің мінез-құлқын талдауға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеудің жағымды жақтарына, балаға деген сүйіспеншілік түрлеріне көңіл аударуға көмектесу.
Жиналыс соңында ата-аналар пікірлерін айтып, сұрақтарын қойып ұсыныстарын білдірді:
- Ерекше білім беруді қажет ететін ата-аналарға арналған психологиялық орта ашу.
Ұйымдастырылған ата-аналар жиналысы мекеменің инстаграм парақшасына жарияланды:
https://www.instagram.com/reel/DB1CAFUskB5/?igsh=MXhyN2lzN2FjdGR4OA==