- 29
Іс-шараның мақсаты : ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа баулып, шапшаң әрекетке жаттықтыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке, бірлікке тәрбиелеу. Күш қуатпен секіргіштікті дамыту.
- 32
Мерекенің ашылуын А.Есей «Ақ тілек» әнімен ашты. Мерекеге арнайы сайқымазақтар келіп, балалардың көңілін көтерді. Ата-аналармен біргіп «Кім жылдам?» «Біргіп сурет саламыз» ойындарын ойнады. Балалар «Джентельмен», «Шөжелер» биін биледі.
- 29
Жиналыс барсында жалпы жассаж туралы ұғыммен таныстырылды. Массаждың түрлері (сипалау, сылау, діріл, ұру, қысу)және адам ағзасына жақсы физиологиялық ықпалы жайында мәлімет берілді. Ата-аналарға массаждың жасалу жолдары көрсетілген қағаздар таратылды.
- 31
Сабақтың мақсаты: Шарлардың көлемін, түстерін, пішінін ажырату. Ұсақ қол моторикасын дамыту, нұсқаулықтарды түсіндіру және оларды орындауғаүйрету, қызығушылығын арттыру. Қимыл-қозғалыстарын, белсенділіктерін, дербестік үйлестірулерін жетілдіру.
- 25
«№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» 2018 жылдың желтоқсан айының 25-і күні белгіленген жоспарға сәйкес «Көңілді шырша» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге 20 бала қатысты. Балалар безендірілген көңілді шыршаны «Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат!» -, деп әндете жүріп шырша шамын жақты. Аяз ата мен Ақшақар келіп, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
- 26
«№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» 2018 жылдың желтоқсан айының 5-і күні белгіленген жоспарға сәйкес түзете-дамыту сабақтарына қатысатын балалардың ата-аналар жиналысы өтті. 2 цикл қорытындысы бойынша ерекше оқытуды қажет ететін 10 балаға 90 күн көлемінде әлеуметтік бейімдеу және түзете - дамыту мемлекеттік қызмет көрсетілгені туралы айтып өтілді.
- 29
«№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» 2018 жылы 16 қараша күні «Ата-ана махаббаты» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренинг мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орыны жайлы пікір алмасу. Ата-ананың бойында өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауға деген қызығушылықтарын дамыту. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдануға ой салу.
- 31
«№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 26-қазан әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында ерекше білімділік қажеттіліктері бар жасөспірімдер арасында «Күз – мерекем, күз – берекем» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Байқау түрінде ұйымдастырылған шараға қатысушылар арасынан «Үздік сән үлгісі», «Бармағынан бал тамған» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталды.
- 22
«№4 Психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде 2018 жылы 5-қазан мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекелік шараға 14 бала ата-аналарымен бірге қатысты.
- 28
Қыркүйек айының 5 күні «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де түзете-дамыту сабақтарына қабылданған балалардың ата-аналар жиналысы өткізілді. Мекеме директорының м.а. А.Д.Нұржанов психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмыс бағыты жайлы толық мағлұмат берді.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы
