«№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» 2018 жылдың желтоқсан айының 5-і күні белгіленген жоспарға сәйкес түзете-дамыту сабақтарына қатысатын балалардың ата-аналар жиналысы өтті. 2 цикл қорытындысы бойынша ерекше оқытуды қажет ететін 10 балаға 90 күн көлемінде әлеуметтік бейімдеу және түзете - дамыту мемлекеттік қызмет көрсетілгені туралы айтып өтілді.
Күн тәртібінде:
- Түзету кабинеті директорының м.а. А.Д.Нұржанов
- Мамандардың ауызша есебі
- Релаксация. «Орманға ойша саяхат»
- Проективті тест. «Өзіңді білгің келсе»
Психологиялық тренинг. «Құбыр» тренингі.
- Қорытынды